Журнал туралы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

«Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

«Шоқан оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Құрметті әріптестер!

«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ (Көкшетау қ., Қазақстан Республикасы) 2026 жылғы 29 сәуірде сағат 10:00-де дәстүрлі «Шоқан оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Конференция тақырыбы:

«Жасанды интеллект дәуіріндегі ғылым мен білімнің жаңа көкжиектері»

Конференцияға магистранттар, докторанттар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысуға шақырылады.

Конференцияның мақсаты – қазіргі заманғы ғылымның түрлі салаларының өзекті мәселелері мен даму перспективаларын төмендегі бағыттар бойынша талқылау

Конференцияның негізгі бағыттары

  1. Өнер және гуманитарлық ғылымдар (Arts & Humanities)
    Өнер және дизайн, тарих, тілдер, әдебиет, лингвистика.
  2. Инженерия және технологиялар (Engineering & Technology)
    Азаматтық құрылыс, компьютерлік ғылымдар, деректер ғылымы, инженерия және технологиялар, машина жасау, тау-кен инженериясы.
  3. Өмір туралы ғылымдар және медицина (Life Sciences & Medicine)
    Ауыл шаруашылығы, биология, медицина, психология.
  4. Жаратылыстану ғылымдары (Natural Sciences)
    Химия, физика, экология.
  5. Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент (Social Sciences & Management)
    Бухгалтерлік есеп және қаржы, бизнес, экономика, білім беру, қонақжайлылық және туризм, құқық, спорт.

Конференция материалдарын рәсімдеуге қойылатын талаптар

Материалдарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 10 сәуірге дейін.
Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған немесе талаптарға сай келмейтін материалдар қарастырылмайды және қайтарылмайды.

Қажетті файлдар

  • Мақала мәтіні (файл атауы: «Секция №_қосалқы секция_бірінші автордың тегі_мақала», мысалы: 1_Бакенеев_мақала).
  • Төлем түбіртегі
  • Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар үшін – ғылым докторы/кандидаты немесе PhD қолы қойылған рецензия (сканерленген нұсқа: jpg немесе pdf).
  • Антиплагиат тексерісінің скриншоты (мәтіннің бірегейлігі ≥ 70%) — www.antiplagiat.ru

ТІРКЕЛУ

Тіркелу сайт арқылы

Мақаланы рәсімдеу талаптары

  • Көлемі: 2–5 бет
  • Форматы: WinWord, RTF
  • Қаріп: Times New Roman, 14 кегль
  • Жоларалық интервал – 1
  • Жиектер : 20 мм
  • Мәтіннің бірегейлігі: ≥ 70%

Тақырып пен авторлар туралы мәліметтерді рәсімдеу

  • Мақала атауы – бас әріптермен, қалың қаріппен, ортаға тураланған
  • Авторлар туралы мәліметтер (әр автор жеке жолда, ортаға тураланған)
  • Тегі, аты, әкесінің аты
  • Жұмыс орны
  • Байланыс e-mail
  • Барлық мәліметтер үш тілде беріледі: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде

Мақала құрылымы

  • Аннотация (үш тілде)
  • Түйін сөздер
  • Тақырыптық рубрикатор: ӘОЖ/ББК немесе басқа жіктеу индекстері
  • Негізгі мәтін
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (түпнұсқа тілінде)

Мәтін ішіндегі әдебиетке сілтемелер тік жақшада көрсетіледі, мысалы: [5].

Ескерту

  • МАТЕРИАЛДАР ЖИНАҒЫ ТІКЕЛЕЙ КӨШІРУ ӘДІСІМЕН ҚҰРАСТЫРЫЛАТЫНДЫҚТАН, МАҚАЛАЛАР МҰҚИЯТ ӨҢДЕЛІП, БАРЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ БОЛУЫ ТИІС.
  • ҚАТЫСУ СЕРТИФИКАТТАРЫ ТЕК ПЛЕНАРЛЫҚ НЕМЕСЕ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСТА БАЯНДАМА ЖАСАҒАН АВТОРЛАРҒА ҒАНА БЕРІЛЕДІ.

Ұйымдастыру жарнасы

5000 (бес мың) теңге

Төлеу тәсілдері

Kaspi Bank мобильді қосымшасы арқылы:
Төлемдер → Білім беру → ЖОО және колледждер → Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
Факультет: «Ғылым департаменті»
Курс: «29.04.2026 конференция, қатысушының ТАӘ»

Университеттің реквизиттері арқылы (Jysan Bank):
БИН: 960840000681
ИИК: KZ61998JTB0000118553
Төлем мақсаты: ««Шоқан оқулары» конференциясына қатысқаны үшін»

Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері

Мекенжай: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай көшесі 76, Ш. Уәлиханов атындағы КУ, 314-кабинет

Ғылым және ғылыми кадрларды даярлау департаменті

Байдалин Марден
Шайхединова Акбала
Тулгабекова Азиза

Телефон: 87084442097
Email: nauka@shokan.edu.kz

Мақаланы рәсімдеу үлгісі: